Графикамен жұмыс
істеудің негізгі тәсілдері
Мақсаты: Графикамен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Көркемдік және жарнамалық графика
2. Графикалық ақпараттарды
ұсыну
1. Компьютер экранында жоғары сапалы бейне мен (онымен бірге жасанды
қозғалыс және видеокадрлар) шынайы дыбыстың бірге орындалуы
Көркемдік және жарнамалық графика мақсаты
үшін графикалық пакеттер компьютердің жылдамдығы және жадыдан
үлкен ресурстар талап
етіледі.
Мультимедиа - бұл компьютер экранында
жоғары сапалы кескіндердің (сонымен бірге графикалық жасанды
қозғалыстар мен видеокадрлар) дыбыс
әуенімен (жарнама, көңіл көтеру, оқу) бірігуі. Бір мезгілде
өзінде дыбыс,
әуен, мәтін, бейне және анимацияларды (жылжитын объектілерді)
үйлестіре алады.
Графикалық режимде экран жеке жарқырайтын нүктелерге (пикселдерге)
бөлінеді, олардың саны монитор шешімділігімен (мүмкіндігімен) анықталады және оның типі мен режиміне
тәуелді.
Пиксель - экрандағы ең кіші бейнелеу элементі (экрандағы нүкте).
Әртүрлі графикалық кескіндер нүктелерден
құралады. Пиксель формасы
- тіктөртбұрыш болып келеді. Растр - экрандағы пиксельдердің тікбұрышты торы.
Монитор мүмкіндігі (экран
шешімділігі) - M x N түрінде берілген растр
торының
өлшемі, мұндағы М - көлденең бағыттағы нүктелер саны, N - тік бағыттағы нүктелер (жолдар саны) саны.
Мысалы: 16 түсті болған кезде көлденеңінен 640 және тігінен 480 нүктелі;
256 түсті болған кезде көлденеңінен 320 және тігінен 200 нүктелі болады.
2. Кескіндер ақ-қара (монохромды) және түрлі-түсті болады. Кескіннің
әр түрі
үшін графикалық кескіндерді
ұсынудың
әдістері бар.
Видеоақпарат - бұл компьютер жадысында сақталған, компьютер экранында бейнеленетін
кескіндер жайлы ақпарат Видеожады - бұл видеоақпараттың компьютерде ойнатылып тұрғандағы экранда кескінделуі.
Видеожадының ең кіші көлемі х
өлшемді экранның графикалық торының пиксель кодының
ұзындығына тең.
Мысалы: экран мүмкіндігі 640х350 және
әрбір нүктесінің түсі 4 бит болғанда видеожадының ең кіші көлемі 110 (Кбайт)
болады.
Монохромды кескінді кодтау. Компьютер суретпен сандар жиыны тәрізді жұмыс істейді, ал
әр сан немесе сандар жиыны
қандай да бір элементті сипаттайды. Ақ-қара түсті фотобейнені сандар жиыны түрінде "цифрлап"
ұсыну
үшін, тіктөртбұрышты торды түсіру
қажет. Тордың тораптары
қараңғы жерге түскенде 1, ал жарық жерге түскенде 0 деп
белгілейді. Сонда нөл мен бірден тұратын тіктөртбұрышты кесте шығады. Егер осы кестені
компьютерге енгізсе, компьютер 1 санының орнына
қара нүкте шығарады. Тор тораптары неғұрлым жиі болған сайын, бейне дәл кескінделеді. Ақ-қара түсті кескіннің
әрбір нүктесінің нүктелік
ұсынылуы ақпараттың бір битін алатынын
ескертіп кетейік.
Мысалы: торы 640х480 болған кезде кесте 307200 нөлдер мен бірлерден тұрады және ақ-қара түсті бейненің ақпараттық көлемі 307,2 Кбайт болады.
Шешуі. 1) 1 бит ақпарат 1 нүкте болады
2) 640*480=307200 бит=307,2 Кбайт - бейненің ақпараттық көлемі.
Жауабы. 307,2 Кбайт
Түрлі-түсті кескінді кодтау. Бір нүктенің кескінін
сипаттау
үшін төрт екілік разряд, нүкте түсін салу
үшін
үш, ашықтығы /қанықтылығын-интенсивтілігін/ көрсету
үшін бір нүкте
қажет.
Пиксель түсінің коды
әр базалық түстің бөлшегі туралы ақпараттан тұрады. Егер
құрылатын 3 түстің де
қанықтылығы бірдей болса, онда олардан
әртүрлі 8 түс (23=8) алуға болады. Келесі кесте
үшразрядты екілік кодтың көмегімен 8-түстік палитра кодын береді:
16-түстік палитрада пиксельді 4-разрядты кодтау
пайдаланылады: базалық түстің 3 битіне
қанықтылықтың 1 биті
қосылады.
Мысалы: 640х480 торындағы түрлі-түсті суреттің алатын ақпараттық көлемі 1228,8 Кбайт-қа тең, яғни ақ-қара түсті суреттің алатын ақпараттық көлемінен едәуір көбірек.
2-мысал: 640х480 торындағы биттік тереңдігі 4 бит болатын түрлі-түсті бейненің ең кіші ақпараттық көлемін анықтау.
Шешуі. 1) ақпараттың 4 биті 1 нүктені береді;
2) 640*480=307200 (бит);
3) 307200 * 4= 1228800 (бит)= 1228,8 (Кбайт)= 1,23 (Мбайт) - бейненің ең кіші ақпараттық көлемі.
Жауабы. 1,23 Мбайт
(К) компьютерінің экранында бейнеленген
түс саны, бит саны (К), видеожадыдан алынған
әр пиксельмен (N) төмендегі формула арқылы есептеледі:
K= 2N
Мысалы: Ақ-қара түсті экрандағы бір пиксель туралы ақпарат видеожадыдан 1 бит орын алады.
3-мысал: Ақ-қара түсті экрандағы бір пиксель туралы ақпарат видеожадыдан
қаншалықты орын алады?
Шешуі. 1) К=2
2) 2 N = 2
N = 1 (бит)
Жауабы. 1 бит
Монитордың базалық түс палитрасында 16 стандартты түс
бар және
4 элементімен анықталады: түстің үш компоненті
және
екі ашықтық
мүмкіндіктің біреуі.
Үш базалық түсті бөліп
көрсетуге
болады:
қызыл (red), жасыл (green)
және
көк (blue). Бұл
түстер
RGB түстік моделін береді. Ал қалған палитра түстері
осы үш түстің
әртүрлі
қосылыстарынан тұрады.
Әр 4 компоненттің
бар болуы туралы ақпарат
1 немесе 0 цифралары арқылы
көрсетіледі.
Есептер шығару
мысалдары
1-мысал. Қазіргі уақыттағы мониторларда
экранда 16 777 216
әртүрлі түс беру мүмкіндігі бар. 1
пиксель жадыдан неше бит орын алады?
Шешуі. 1) К=16 777
216
2) 2 N = 16 777 216
= 2 24
N = 24 (бит)
Жауабы. 24 бит
2-мысал. 640х200 мүмкіндікті
экранда бейне екі түспен ғана бейнеленеді.
Бейнені сақтау
үшін видеожадыдан ең
аз дегенде
қаншалықты орын қажет?
Шешуі. 1) 1 бит ақпарат
1 нүкте
береді
2) 640*200=128000
(бит) = 16000 (байт) - бейненің ақпараттық көлемі.
Жауабы. 16000 байт
3-мысал. Түс
құрылу үшін 256 қызыл, 256 жасыл және
256 көк түс
қолданылады. Бұл жағдайда
экранда
қанша түс бейнеленеді?
Шешуі. 1) 256*256*256= 16
777 216
Жауабы. 16 777 216
Әдебиеті:
1
Компьютерная
графика. С.В. Глушаков, Г. А. Кнабе.
Харьков
«Фолио»
Москва
«АСТ», 2001.
2
Эффективная работа с
Corel
Draw 11. Александр
Тайц.
Санкт-Петербург *
Москва * Харьков
* Минск, 2001.
Бақылау сұрақтары:
1 Көркемдік графика дегеніміз не?
2 Монитор мүмкіндігі (экран шешімділігі) дегеніміз не?
3 Видеоақпараттың
өлшемдігі неге байланысты?